Пилоттық ұлттық жоба

«Жайлы мектеп»

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұрын «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ) Қазақстанда құрылыс саласын дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2009 жылғы 6 наурызда құрылды. Компания Дағдарысқа қарсы бағдарламаның, «Нұрлы жер» бағдарламасының операторы бола отырып, өнеркәсіптік және әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысын басқаруда тәжірибесі бар.
Компания тұрғын үй құрылысы объектілеріне, отандық құрылыс материалдарын өндіретін зауыттарға, сондай-ақ ел өңірлерінде ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы шеңберінде жобалар бойынша инвестициялық қызметті жүзеге асырады, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасының мақсатты құрылыс Дирекциясы ретінде айқындалды.
3000

Үлескерлердің мәселелерін шешілді

19

Нысан "Сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы

11

Нысан – «Коммерциялық тұрғын үй» бағыты

Төрағасының блогы