2022 жылғы 16 шілдеде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында Алматы қаласындағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніне барды.
Аталмыш тұрғын үй кешені бойынша кешенді тексеру жүргізілді. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша құрылыс барысында бірқатар ескертулер анықталды. Осыған байланысты техникалық қадағалаудың екі сарапшысы жұмыстан шеттетілді. Осы жұмыс сапары аясында М.З. Айманбетов анықталған ескертулерді түзету үдерісімен жеке танысты. Нысандарды аралау қорытындысы бойынша сапаны жақсарту және қатаң бақылау үшін жұмыс жүргізу кестесіне бірқатар өзгерістер енгізу, жұмыс жүргізу технологиясын сақтау, техникалық қадағалау сарапшыларын ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Төрағасының блогы