2022 жылғы 19 шілдеде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Өңірлік даму департаментінің директоры Н.Н. Өтеубаев Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан объектілердің техникалық қадағалау басшылығы және сарапшыларымен кеңес өткізді.

Кеңеске қатысушылар инжинирингтік қызмет көрсету сапасы және құрылыс нысандарында қауіпсіздік техникасын сақтау маңыздылығының мәселелерін қарастырды.

Қоғамның комиссиялық аралау кезінде анықталған ескертулерді түзету бойынша мәселелерді талқылауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, 5.03-107-2013 ҚР ЕЖ 4.2.16 т. және 5.2.1 т. «Жүк көтергіш және қоршау конструкциялары» сапасыз тығыздау және бетон қоспасының дірілі, қорғаныш қабатының болмауы, жұмыс арматурасы жалаңашталған, монолитті бетке 25 мм-ден асуы және жұмыс жобасынан ауытқулар. Сонымен қатар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша лифт шахтасының, балкондар мен баспалдақ аралықтарының ойықтарында қатаң қоршаулар жоқ.

Кеңес қорытындысы бойынша атқарушылық құжаттаманы жүргізу бойынша тапсырмалар берілді. Осылайша, жұмыс жүргізу, бетон жұмыстары, авторлық және техникалық қадағалау журналдарын толтыру бойынша ескертулер және жұмыс өндірісі жобасының, атқарушылық схемалар мен сынақ хаттамаларының ішінара жоқтығы анықталды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде ғимараттардың пайдалану сапасының нашарлауына, беріктігінің, орнықтылығының төмендеуіне бекітілген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзуы әкеп соғады. Бұзушылықтарды қайта анықтаған кезде лицензиядан айыруға дейінгі ең қатаң шаралар қолданылатын болады.

Сондай-ақ, Алматы қаласында салынып жатқан нысандарды техникалық қадағалау жөніндегі сарапшылармен Қоғамның өңірлік өкілдерінің қатысуымен осындай кеңес өтті.

Төрағасының блогы