«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тұрақты бақылауда ұстайды. Осы мақсатта Қоғам қызметкерлері қатарынан жұмыс тобы құрылып, күн сайын іске асырылатын жобалардың ағымдағы жағдайы туралы есеп береді.

М.З. Айманбетов жұмыс тобын тыңдап, кеңес барысында проблемалық мәселелер мен шешу жолдары талқыланды.

Қазіргі уақытта Қоғам инвестициялық жобалар пулын пысықтауда. Оларға ел қалаларындағы кешенді құрылыс жобалары, өңірлердегі реновация бағдарламаларына қатысу және импортты алмастыруға бағытталған құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі зауыттарды іске қосу енгізілді.

Осылайша, Қоғам ескірген және аппаттық тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламалары арқылы халыққа сапалы және қазіргі заманғы тұрғын үй бере отырып, өмір сүру жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ кешенді құрылыс салу арқылы Қазақстан өңірлерінің сәулеттік бейнесін жаңартуға ниетті.

Қоғам импортты алмастыруға бағытталған және құрылыс материалдарының отандық бәсекеге қабілетті өндірісін құратын зауыттарды іске қосу арқылы құрылыс саласын дамыту, тұрғын үйдің 1 ш.м. өзіндік құнын төмендету бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

Төрағасының блогы