2022 жылғы 28 шілдеде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқармасының бетпе-бет отырысында Алматы облысында зауыттар салу бойынша бірнеше жобалардың тұжырымдамаларына қолдау көрсетілді. Олардың ішінде автоклавты газоблоктарды өндіру зауыты және қасбеттік және ішкі жұмыстарға арналған фиброцементті панельдер өндіру зауыты бар.

Отырыста басқарма мүшелері «Алматы облысы, Боралдай кентінде автоклавты газоблоктарды өндіру зауытын салу» жобасының тұжырымдамасын мақұлдады. Конаев қаласы жаңа мәртебеге ие болғаннан кейін қала құрылысының бас жоспары қайта қаралуда, осыған байланысты осы өңірде өндірісті өрістету орынды.

Отырыстың күн тәртібі аясында Басқарма мүшелері «Алматы облысының Ащыбұлақ кентінде қасбеттік және ішкі жұмыстарға арналған фиброцемент панельдерін өндіру зауытын салу» жобасының тұжырымдамасын мақұлдады. Фиброцемент панельдері ең қолайлы заманауи құрылыс материалы болып табылады. Басқа әрлеу материалдарынан айырмашылығы, олардың құрамында шайыр мен асбест жоқ-бұл мұндай үйде тұратын адамдар үшін 100% қауіпсіздікке кепілдік береді. Олар құрылыста қасбет құрылымының бөлігі ретінде қолданылады. Аталған зауыттың қуаттылығы Қазақстанға импортталатын өнімнің 19% жуық бөлігін жабады.

Қоғам өтініш берушілермен және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ бірлесіп, құрылыс материалдарының импортын алмастыруға бағытталған осы зауыттардың құрылысына инвестиция салуға ниетті. Әрбір жоба бәсекеге қабілетті отандық өндірісті дамытып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Қоғам зауыттардың 8 жобасын және көппәтерлі үйлердің құрылысы бойынша 13 жобаны, оның ішінде өңірлерде ескірген тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламаларының жобаларын қарау бойынша жұмыс жүргізуде. Қоғамның Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов осы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тұрақты бақылауда ұстайды.

Отырыста сондай-ақ Қоғам қызметіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.

Төрағасының блогы