2022 жылғы 2 тамызда Астана бас жоспары ғимаратында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Басқарма Төрағасы Айманбетов Мәулен Зарлықұлы Нұр-Сұлтан қаласы Әкімінің орынбасары Солтамбеков Нұрлан Қожахметұлымен кездесті.
    Жиналыс барысында елорданың тұрғын үй құрылысының қазіргі жағдайы туралы пікір алмасылды. Кездесуге қатысушылар қолжетімді және сапалы тұрғын үй салу мақсатындағы өзара іс-қимыл механизмдерін талқылады. Диалогта ескі тұрғын қорды жаңарту бағдарламасын іске асыруға ерекше орын берілді.
    Кездесу қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысы мәселелері және Қоғамның Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің тиісті бағдарламаларына қатысуы туралы жұмыс тобын құру бойынша шешім қабылданды. Оның құрамына Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өкілдері және Қоғамның құрылыс және жобалау, өңірлік даму департаменттерінің қызметкерлері кірді. Жұмыс тобының қызметі құрылыс жобаларының пулын құруға, ескі үйлердің меншік иелерін көшіру мәселелерін шешуге және тиісті рұқсат құжаттарын ресімдеуге бағытталатын болады.
Төрағасының блогы