2022 жылғы 11 қазанда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы Айманбетов Мәулен Зарлықұлы Avakian Geneve негізін қалаушы Эдмонд Авакянмен кездесті.

   Кездесу барысында Эдмонд Авакян өз қызметінің бағыттары туралы айтып, мұнай-газ және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, бірқатар ірі коммерциялық объектілерді салу бойынша бар тәжірибелермен таныстырды, сондай-ақ Қоғамның құрлыс саласындағы жобаларына инвестор ретінде қатысуға қызығушылық білдірді. Осылайша, кездесуге қатысушылар пікір алмасып, шетелдік капиталдың Қоғамның инвестициялық жобаларына қатысуының ықтимал перспективаларын талқылады.

   Өз кезегінде, Эдмонд Авакян кездесу үшін Қоғам басшылығына алғысын білдіріп, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Төрағасының блогы