2022 жылғы 15 желтоқсанда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша бейнеконференция форматында кеңес өткізді. Кеңес жұмысына барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың құрылыс, білім, экономика, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармаларының басшылары қатысты.

   Отырысты аша отырып, Мәулен Айманбетов мектептер салу үшін жер учаскелерін беру жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататынын атап өтті. Осыған байланысты, Ұлттық жобаны табысты және уақтылы іске асыру бірлескен іс-қимылдардың үйлесімділігіне байланысты екендігіне назар аударды.

   Күн тәртібінде алдын-ала танысуға жіберілген «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы Тұжырымдамасының жобасы және салалық ережелер талқыланды.

  Кездесуге қатысушылар пікір алмасып, 2023 жылы құрылысы басталатын мектептер үшін 221 жер учаскесін бөлу мәселелерін талқылады. Диалогта одан әрі байланыстыра отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге ерекше орын берілді. Мәселен, сұрақ-жауап форматында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл механизмдары қарастырылды.

  Кеңес қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді жедел шешу мақсатында Басқарма Төрағасы жүйелі түрде онлайн-кеңес өткізуді ұсынды.

Төрағасының блогы