«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша конкурстық рәсімдердің нәтижелері белгілі болды. Қорытындысы бойынша еліміздің 20 өңірінде салынатын 118 мектептің мердігері анықталды.

 

Байқауға барлығы 202 компания қатысып, ұзын-cаны 781 өтінім берді. Биыл 185 мектептің құрылысын бастау жоспарланған, сәйкесінше осынша лот жарияланды. 118 нысан бойынша мердігерлер бірден анықталса, 52 лот бойынша сатып алу өткізілмеді, өйткені қатысушылар біліктілік талаптарына сай келмеген. Тағы 15 лот жойылды.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 1 мектептің құрылысына конкурс жарияланды, алайда мердігерді анықтау мүмкін болмады. Алматы облысында жарияланған 24 лоттың 7-уі бойынша жеңімпаз анықталса, қалған 17 мектеп бойынша мердігер анықталмады.

Конкурс нәтижелерімен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатып алу бойынша онлайн-платформасында танысуға болады (skcn.qaz.network).

Айта кетейік, қазіргі конкурстардың жалпы қорытындысы жарияланғаннан кейін жеңімпаз анықталмаған лоттар бойынша сатып алу рәсімдері қайта өткізіледі.

Жеңімпаздар ұлттық жоба операторы Samruk-Kazyna Construction компаниясымен ЕРС-шартқа қол қояды. Осылайша, мердігер компания мектепті жобалау (Engineering), жабдықтарды сатып алу (Procurement) және құрылыс (Construction)  жұмыстарын біріктіреді.

ЕРС-шарттарға қол қойылғаннан кейін мектептерді жобалау басталады. Жобалаумен қатар мектеп құрылысы жоспарланған жер учаскелерінде аумақты тазалау, уақытша инженерлік желілерді тарту, қоршау орнату сияқты дайындық жұмыстары басталады.

Нысандар дайын күйде тапсырылады, яғни құрылысты да, жарақтандыруды да конкурста жеңіске жеткен компания жүргізетін болады. Яғни, жиһаз, сантехника, интерактивті жабдықтар үшін жеке-жеке лоттар болмайды. Конкурсқа қатысушыларға нысандарды салу және жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды орындау мақсатында материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін консорциумдарға бірігуге мүмкіндік берілді.

 

185 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» БОЙЫНША КОНКУРС НӘТИЖЕЛЕРІ

 

қала/облыс

 

лот саны

мердігер анықталды

Жеңімпаз анықталмаған және жойылған лоттар

Астана қаласы

15

15

0

Ақмола обл.

9

7

2

Ақтөбе  обл.

10

4

6

Алматы обл.

24

7

17

Алматы қаласы

13

12

1

Атырау обл.

9

9

0

ШҚО

5

4

1

Жамбыл обл.

8

7

1

БҚО

7

5

2

Қарағанды обл.

9

7

2

Қостанай обл.

6

1

5

Қызылорда обл.

10

3

7

Маңғыстау обл.

11

5

6

Түркістан обл

28

19

9

Шымкент қаласы

10

8

2

Павлодар обл.

2

1

1

Абай обл.

5

2

3

Жетісу обл.

2

1

1

Ұлытау обл.

1

1

0

СҚО

1

Жеңімпаз анықталмады

1

ВСЕГО:

185

118

67

 

ЖЕҢІМПАЗ КОМПАНИЯЛАР ТІЗІМІ

 

қала/облыс

мердігерлері анықталған мектептер

 

жеңімпаз компаниялар

 

Астана қаласы

 

15

ТОО "NAK Construction"

ТОО Integra Construction KZ

ТОО Bazis Construction

ТОО "BiGlobal"

Ақмола облысы

 

7

ТОО «УК Строй»

ТОО К.Г.С. САудА

ТОО Казстройподряд

ТОО «BiGlobal»

Актөбе облысы

 

4

ТОО «Казпромстройгрупп»

ТОО «ЕРЕН-групп»

ТОО «BiGlobal»

Алматы облысы

 

 

7

ТОО Фирма "ЕЛАМАН"

ТОО KazSMU

ТОО "BiGlobal"

Алматы қаласы

12

ТОО Bazis Construction

ТОО "BI Urban Construction"

 

Атырау облысы

9

ТОО «Каспий Құрылыс ЛТД»

ТОО Каспийская Кадровая Ассоциация

ТОО БатысСтройСервис-Атырау 

ШҚО

 

4

ТОО AN Groups

ТОО "Фирма "Азия"

 

Жамбыл облысы

 

 

7

ТОО "ТАРАЗСТРОЙ-2004"

ТОО ТаразҚұрылысИнвест

ТОО "Агроспецстрой"

ТОО Тараз құрылыс Дизайн

ТОО Integra Construction KZ

ТОО Отау-Строй

БҚО

 

5

ТОО "Жайык Сити"

ТОО Строительная фирма "АЛТИМ"

ТОО СКФ Отделстрой

ТОО "BiGlobal"

ТОО "KazConstructionGroup" 

Қарағанды облысы

 

7

ТОО Стинк ТФК

ТОО Астана-Көктем С

ТОО AN Groups

ТОО "BiGlobal"

Қостанай облысы

 

1

ТОО "АЛЮМИНСТРОЙ"

Қызылорда облысы

3

ТОО "Алтын Айдарлы"

ТОО "Аман-Курылыс"

ТОО"СМП-Кызылорда"

Маңғыстау облысы

5

ТОО Құрылыс Инвест Групп

ТОО СК А-Строй монтаж

ТОО Еврострой-А

Түркістан облысы

 

19

ТОО Ныш-Ер

ТОО Тамыз Құрылыс ББК

ТОО "ШЫМКЕНТ АВТОМАТИКА"

ТОО "Ar Kua Group"

ТОО А-СПЕЦСТРОЙ

ТОО Integra Construction KZ

ТОО КДСМ

TOO Taimas Company

ТОО Жаңа Арна Құрылыс

ТОО ЖАНА АРНА 2002

ТОО Нүрі-Л-Жетісай

ТОО А.Р.Т. -Құрылыс

ТОО Bazis Construction

ТОО "Каратас Майнинг"

Шымкент қаласы

 

8

Корпорация АҚ ордасы

ТОО "Югстройсервис-Н"

ТОО А.Р.Т. -Құрылыс

ТОО "Ontustik Construction"

Абай облысы

 

 

2

ТОО AN Groups

 

Жетісу облысы

 

 

1

ТОО "BiGlobal"

Павлодар облысы

1

ТОО Фирма "Ай-Су Мелиорация" 

Ұлытау облысы

1

ТОО "Нұр Астана Құрылыс"

СҚО

 

1 мектеп бойынша мердігер анықталмады

Төрағасының блогы