Баспасөз хабарламасы

Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша міндеттемелерді толық орындау туралы

 

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қоғам мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында жасалған 2009 жылғы 18 тамыздағы № 10-ФН кредиттік шарты бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ алдындағы қарызының толық өтелгені туралы хабарлайды. 2020 жылдың 6 сәуірінде Қоғам 9,03 млрд. теңге сомасында қарыздың қалдығын төледі.

 

Анықтама: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы №1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да бірқатар қаулыларына сәйкес Қоғам жоғарыда аталған кредиттік шарт шеңберінде құрылысы аяқталмаған объектілерді сатып алу және қаржыландыру үшін  98,4 млрд. теңгені тартқан болатын.

 

 

Төрағасының блогы