Құрметті сатып алушылар!

 

Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Construction» АҚ  (бұдан әрі - Қоғам)  «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында  Өскемен қ., І.Есенберлин даңғылы бойынша коммерциялық үй-жайлары бар 113/1-113/8-поз. көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауда.  Тұрғын үй-жайларды сату Қоғамның сату ережелері мен тәртібінің талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Өткізудің негізгі тетіктері - тікелей сату және кейіннен сатып алу арқылы жалдау. Объекті пайдалануға берілгеннен кейін өтінімдерді қабылдау мерзімі туралы хабарландыру Қоғамның «skcn.kz» корпоративтік сайтында орналастырылатын болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қоғам сізге риэлторлық және консалтингтік компаниялармен шарттық міндеттемелері жоқ екендігін және консультациялық қызметтер үшін ақшалай комиссия алмайтынын хабарлайды!

Сізден тек қана Қоғамға +7(778)808 88 04, +7(701)270 90 96 телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз, электрондық пошта: info@fnsk.kz.

Төрағасының блогы