«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2020 жылғы 13 шілдеде 5 760 427 104,09 теңге сомасында облигациялық қарызды толық өтегенін хабарлайды. Облигациялық қарыз мерзімінде өтелді, купондық кіріс облигацияларды шығару шарттарына сәйкес және толық көлемде облигация ұстаушыларына төленді. Корпоративтік облигациялардың көмегімен қаражат тарту Қоғамға қарызды қайта қаржыландыруға, бизнес-бағыттарды дамыту бойынша өз стратегиясын табысты іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік берді.

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясының 2019 жылғы 17 маусымдағы шешімімен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның (Нұр-Сұлтан) облигациялары негізгі алаңның «облигациялары» санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Листингтік комиссияның шешімі 2019 жылғы 19 маусымнан бастап күшіне енді. Шығарылымға KZ2C00005957 (SKCNb1) мемлекеттік тіркеу нөмірі берілді.

Облигациялар шығарылымын KASE Қазақстан қор биржасында орналастыру 2019 жылғы 24 маусымда басталды. Облигацияларды өтеу мерзімі облигациялардың айналысы басталған күннен бастап 367 (үш жүз алпыс жеті) күн.

Төрағасының блогы