08.10.2020 жылы Нұр-Сұлтан қ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтар және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру туралы» тақырыбында «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдары - «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «SK development» ЖШС, «Компания по строительству объектов» Корпоративтік қорының ұжымдарымен кездесу өткізді.

Жазира Жылқышиева өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың маңыздылығы және қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыру туралы айтты.

Іс-шара жүргізу барысында ұжымға елорда аумағында жүзеге асырылып жатқан «Астана – адалдық алаңы» жобасы, қоғаммен бірлесіп карантиндік жағдайда әлеуметтік маңызы бар салаларды мониторингілеу, қоғамдық бақылау жұмыстары және тағы басқа жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. 1424 call-орталықтың жұмысы және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру туралы толық айтып берді.

Сондай-ақ, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы слайдтар мен бейнеролик көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Төрағасының блогы