Баспасөз-хабарламасында АКРА жүйелік маңыздылықтың жоғары деңгейін және мемлекеттің күшті әсер ету дәрежесін атап өтті. Компанияның операциялық көрсеткіштері, ең алдымен, тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беруден түсетін кірістердің арқасында орташа болжамды және тұрақты болып табылады. Қазіргі уақытта негізгі мемлекеттік бағдарламалар бойынша объектілерді қаржыландыру және салу аяқталды.

АКРА EBITDA бойынша Компания табыстылығының жоғары деңгейін атап өтеді, ол түсімдегі жалдау төлемдерінің елеулі үлесіне байланысты (2019 жылдың қорытындысы бойынша 26%).

Агенттіктің бағалауы бойынша, Компанияның өтімділігі жоғары деңгейде. Кредиттік желілер негізінен Акционердің жеңілдікті кредиттеріне негізделеді. Ашық кредиттік желілер шеңберінде қолжетімді кредиттік қаражат көлемі 45,2 млрд теңгені құрайды

Төрағасының блогы