Құрметті жалға алушылар!

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да тұрғын үйді сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарты бойынша толық/ішінара өтеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану үшін мыналарды:

  1. «Отбасы Банк» «ТҚЖБ» АҚ-да немесе өзге уәкілетті операторда арнайы шот ашу;
  2. www.enpf-otbasy.kz платформасында БЗТ алуға өтінім беру;
  3. арнайы шотқа қаражат аударуды күту;
  4. тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатын көрсете отырып, kense@fnsk.kz электрондық пошта арқылы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға өтінішпен (өтініш нысаны қоса беріледі) жүгіну (жеке тұлғалардың өтініштері 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады) қажет.
  5. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ берешек туралы анықтама береді.
  6. Берешек туралы анықтаманың сканерленген нұсқасын PDF форматында www.enpf-otbasy.kz платформасына жүктеу қажет.
  7. Уәкілетті оператор мақсатты растаған жағдайда, «Отбасы Банк» ТҚЖБ» АҚ немесе өзге уәкілетті оператор «Samruk-Kazyna Construction» АҚ деректемелері бойынша ақша қаражатын аударады.
  8. Уәкілетті оператордан ақшалай қаражат түскеннен кейін үй-жай толық мерзімінен бұрын сатып алынған жағдайда меншікке беру шартына қол қойылады, ішінара мерзімінен бұрын өтелген кезде жаңа өтеу кестесі жасалады (*дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде негізгі Шартқа қосымша келісім жасалады).

* Сондай-ақ, берешек қалдығын БЗТ қаражатынан ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде бірінші кезекте жалдау төлемдері бойынша дебиторлық берешек ұсталатынын, ал қалдық ішінара мерзімінен бұрын өтеу есебіне есептелетінін атап өткен жөн.

Назар аударыңыз!

kense@fnsk.kz электрондық поштаға түсетін өтініштер (арыздар) қоса берілген өтініш нысанына сәйкес келген жағдайда ғана қарастырылады.

* Өтініш нысаны Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңының талаптарына сәйкес жасалды.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Басқарма төрағасының блогына жазуыңызды сұраймыз https://skcn.kz/ru/gb/blog

Төрағасының блогы