Қазақстан Республикасындағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) халықты, бизнесті қолдауға және әлеуметтік шиеленісті болдырмауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру туралы шешім қабылдады.

Қоғам осы мақсаттар үшін жалға алушыларға (жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар) жылжымайтын мүлікті кейіннен сатып алумен жалдау шарттары бойынша 2020 жылғы 16 наурыз бен 17 тамыз (қоса алғанда) аралығындағы кезеңге жалдау төлемдерін төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсынды. Жалға алушылар көрсетілген кезеңге есептелген жалдау төлемдерін 2021 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде өсімпұл мен айыппұл санкцияларын есептемей, сондай-ақ кепілдік төлемінен есептен шығармай төлеуге тиіс.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қоғам 2021 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімді қоса алғанда кейінге қалдыру кезеңінде пайда болған берешекті төлеу туралы еске салады. Шарт талаптарына сәйкес берешекті төлеу бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда кепілдік төлемнен есептен шығару жүргізіледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда және қажетті түсіндірулерді алу үшін +7 (7172) 55-90-04 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. Пошта: info@fnsk.kz.

Төрағасының блогы