«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) «Астана» халықаралық қаржы орталығының «Astana International Exchange» (AIX) биржасында облигациялар шығарылымы туралы хабарлайды. Шығарылымды Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) ұйымдастырды. Шығарылым көлемі - 2 млрд. ресей рублі, облигациялардың айналыс мерзімі - 1,75 жыл, купон мөлшерлемесі - жылдық 8,0%. Облигациялар листингі 2020 жылғы 15 наурызда жүзеге асырылды. Шығарылымның барлық көлемі 2021 жылғы 16 наурызда «exempt offer» арқылы орналастырылды. Облигацияларды орналастыру нәтижесінде алынған қаражатты Қоғамның инвестициялық жобаларын қаржыландыруға бағыттау жоспарлануда.

Төрағасының блогы