2021 жылғы 26 сәуірде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы («Самұрық-Қазына» АҚ)  Басқармасының бетпе-бет отырысы өтті. Отырыста «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Компания) Директорлар кеңесінің қазіргі құрамының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, Компанияның Директорлар кеңесінің 3 (үш) адамнан тұратын құрамы 3 жылға сайланды.

Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына мынадай тұлғалар сайланды:

Әйтенов Марат Дүйсенбекұлы Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші;

Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдірушісі  ретінде Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 

Тұрлыбеков Нұрдәулет Саттарханұлы – тәуелсіз директор.

2021 жылғы 26 сәуірде Директорлар кеңесінің жаңа құрамы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ атқарушы органымен кездесті. Кездесу барысында жаңа жобалар талқыланып, компанияның өсу нүктелері мен халықаралық нарықтағы даму перспективалары белгіленді.

Төрағасының блогы