Ағымдағы жылғы наурыздың бірінші жартысында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының Алматы қ. жұмыс сапары барысында «Асыл Арман» ТА тұрғындары қалаға тікелей шығу мәселесімен жүгінді. М.З. Айманбетов аталған мәселенің шешімін жеке бақылауына алды, өйткені тұрғындар 7 жылға жуық бұрылу арқылы артық 10 километр шақырымды айналып өтуге мәжбүр.

Бүгін «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-мен бірлесіп негізгі жол айрығының құрылысы аяқталғанға дейін қалаға өтуді неғұрлым тиімді қамтамасыз ететін уақытша жолды салу бойынша құрылыс жұмыстары аяқталғанын хабарлаймыз.  

Тұрғындардың тілектерін сәтті орындау және проблемаларын шешу көп жағдайда тығыз қарым-қатынасқа негізделген. Қоғам үшін Жалға беруші мен Жалға алушы арасындағы шекара болмауы өте маңызды. Мәселелерді бірлесіп шешу қажет. Тек осылай ғана жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан, Қоғам Басқармасының Төрағасы, Сіздің сайттағы блогқа (https://skcn.kz/ru/gb/blog), корпоративтік поштаға (info@fnsk.kz), Instagram әлеуметтік желісі аясындағы тікелей эфирлерге (@aimanbetovmaulen және @samrukkazyna_construction) және әрбір тұрғын үй объектісі бойынша жеке чаттарда (чатқа кіру үшін ақпарат ұсыну қажет: аты-жөні, ТК атауы және ұялы телефон) үндеулеріңізді қабылдауға дайын.

Төрағасының блогы