Ағымдағы жылғы 8 сәуірде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов шағын және орта бизнестің бірқатар өкілдерін қабылдады.

Кездесу барысында «DAT KZ» ЖШС Директоры газдалған бетон блоктары мен фиброцемент плиталарын шығаратын зауыттың бизнес-жоспарымен таныстырды.

Сондай-ақ, «Astera Build Company» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті, олар шатыр мен қасбеттерге арналған металл бұйымдарын шығаратын зауыт құрылысының жобасын ұсынды.

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ құрылыс материалдарын импортты алмастыруға бағытталған зауыттар салуды пысықтауда. Инвестициялық жобалардың негізгі мақсаты – құрылыс материалдарының өзіндік бәсекеге қабілетті өндірісін құру болып табылады. Осы жобаларды іске асыру жергілікті шикізат базасын пайдалану есебінен құрылыс материалдарының өзіндік құнын төмендету жолымен құрылыс саласын одан әрі дамытуға ықпал етеді және болашақта тұрғын үй және коммерциялық құрылыстың көлемі мен қолжетімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қоғам Басқармасының Төрағасы М.З. Айманбетов құрылымдық бөлімшелердің басшыларына осы жобаларды инвестициялау шарттары мен механизмдерін талдау жүргізуді тапсырды.

Төрағасының блогы