2022 жылғы 5-6 сәуір аралығында Жобалау және құрылыс жөніндегі Басқарушы директор А.А. Құсайынов Атырау қаласында іс-сапармен болды.

Іс-сапар шеңберінде «Су дайындау» және «Ағынды суларды тазарту» объектілері бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша мәселелер пысықталды, сондай-ақ химиялық реагенттерді жеткізу бойынша міндеттер жедел шешілді. «Жалпы зауыттық инфрақұрылым» нысаны тексерілді.

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС басшыларымен, сондай-ақ бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кеңестері өткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша Жобалау және құрылыс жөніндегі Басқарушы директор А.А. Құсайынов мемлекеттік сараптамадан өткен түзетілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жұмыс жүргізу кестелерін нақтылау бойынша тапсырма берді. Сондай-ақ, «KUS» ЖШС «Мемемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы негізінде жобалық-сметалық құжаттаманы бекіту тапсырылды.

Жобалау және құрылыс жөніндегі Басқарушы директор А.А. Құсайынов «Stream energy company» ЖШС-нің құрылыс салушынан және «Bastau Construction» ЖШС-нің бас мердігерінен соңғы апта бойынша есепті қабылдады. Атап айтқанда, құрылыс салушыдан уәкілетті органда жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелгені туралы растау алынды (техникалық паспорттардың сканерленген нұсқалары, меншік иесі (құқық иеленуші) туралы мәліметтер ұсынылды). «Французский квартал» ТК пәтерлерді іске асыру шеңберінде «KPI Inc.» ЖШС Басқарма Төрағасының корпоративтік орталық жөніндегі орынбасары Е.Е. Орынбаевпен жоғарыда көрсетілген объектіні қабылдау-тапсыру және уақтылы төлеу мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

Тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен (жалға алушыларымен), сондай-ақ ПИК өкілдерімен кездесу өткізілді. Шатырды қарап, жалға алушылардың ескертулері тыңдалды. Тұрғындарға шатырдың жағдайы туралы түсініктеме берілді. Қоғамның Атырау қаласындағы өкілі Қ.С. Қожағалиевке ақау ведомосын пысықтау бойынша тапсырма берілді. Тұрғын үй кешенінің мәселелерін шешу мақсатында Атырау қаласының тұрғын үй инспекциясы өкілдерімен және Атырау қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Омаровпен «Жерұйық» ТК ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу мәселесі бойынша кездесу өтті. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті ақпарат алынды.

Төрағасының блогы