2022 жылғы 13 сәуірде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Айманбетов Мәулен Зарлықұлы «Шаньси Халықаралық экономикалық және техникалық ынтымақтастық компаниясы» ЖШҚ қазақстандық филиалының Бас директоры Чжан Хуамен кездесті.

Кездесу барысында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ көппәтерлі тұрғын үй кешендерін салу жобаларына шетелдік капиталдың қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Сөз соңында М.З. Айманбетов Қоғам қызметкерлеріне атаулы жобаларды іске асыру және механиздерін айқындау мәселелері бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды.

Төрағасының блогы