Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Бірінші басшысы М.З. Айманбетов Ақтау қаласының 32а шағын ауданы тұрғын үй кешенінің Жалға алушылармен кездесті. Жиынға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары А.Ж. Байпақов қатысты.

Отыздан астам белсенді Жалға алушылар М.З. Айманбетовқа өздерін сұрақтарын қойып, қиын мәселелерін жеткізу үшін жиналды. Өз кезегінде Қоғам Басқармасының Төрағасы олардың әрқайсысына толық жауап беріп және нақты шешімін ұсынды.

Кездесу барысында М.З. Айманбетов айтылған мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар шараларды жариялады. Ал мәселелерін мұқият қарауды қажет ететін Жалға алушыларға жеке-жеке кездесулерді белгіледі.

Жиналыс соңында А.У. Садвакасова Жалға алушылардың атынан Қоғам Басқармасының Төрағасына үлкен алғыс білдірді. Ақтау қаласының 32а шағын ауданы тұрғын үй кешенінің тұрғындары М.З. Айманбетовпен өткен кездесуге риза болды. Жиналыс барысында ұсынылған шаралар өткір мәселелерді шешуде тиімді болатынына Жалға алушылар сенім артады.

Төрағасының блогы