2022 жылғы 15 сәуірде сағат 15:00-де «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов «Еуропалық құбыр жүйелері» ЖШҚ басшылығымен және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілінің орынбасарымен бейнеконференция өткізді.

«Еуропалық құбыр жүйелері» ЖШҚ қызметкерлері ЕАЭО елдерінің аумағында өндірісті кеңейту мақсатында орталық және автономды жылытудың шағын және орта желілеріне, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде, кәріз желілерінде және т. б. қолдануға арналған икемді полимер құбырларын өндіру жөніндегі жобаны іске асыруды ұсынды.

Өз кезегінде Қоғам Басқармасының Төрағасы жаңа зауытқа арналған алаң ретінде қолайлы логистикалық инфрақұрылымы бар Атырау қаласындағы АЭА ұсынды. Аталған өнім Қазақстан нарығында сатылып өткізілетін болады.

Кездесу барысында М.З. Айманбетов Қазақстанның қалаларында, мегаполистерінде және өңірлерінде инженерлік инфрақұрылымды дамытпайынша, іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсарту, өндірісті ілгерілету үшін жағдай жасау мүмкін еместігін атап өтті.

Бірлескен кәсіпорын құру перспективаларын және одан әрі ынтымақтастықты талқылау мақсатында бейнеконференцияға қатысушылар келесі аптада Атырау қаласында жеке кездесу өткізуге келісті.

Төрағасының блогы