2022 жылғы 16 сәуірде Шымкент қаласында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ және «Шымкент қаласының әкімдігі» ММ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандум серіктестікті одан әрі дамыту және жобаларды бірлесіп іске асыруға қатысу, өңірге инвестициялар тартуға өзара жәрдемдесу мақсатында жасалды. Атаулы Меморандуның мәні Шымкент қаласындағы ескі үйлерді реновациялау бағдарламасы бойынша «Көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы» жобасы шеңберінде күш-жігерді біріктіру болып табылады.

Құжаты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов және Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е. Д. Білісбеков бекітті.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 107 ескі тұрғын үйлер бар.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ бұл тұрда  ынтымақтастықты кеңейтуге құштарлы. Осыған байланысты «Шымкент қаласының әкімдігі» ММ-мен өзара іс-қимыл ескірген үй алаңдарын жаңа және заманауи пәтерлерге жаңартудың бірегей мүмкіндігіне ие болуына, ескі үйлердің тұрғындары үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бұдан басқа, тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы Шымкент қаласының құрылыс секторын дамытуына,  инвестициялардың өсуіне өзіндік бір серпін береді, сондай-ақ жобаларды іске асыру жолында  жаңа жұмыс орындарындары ашылады.

Төрағасының блогы