2022 жылғы 16 сәуірде Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қоғамның Басқарма Төрағасы «Адия» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Жалға алушылар туындаған ахуал мәселерінмен бөлісіп, өздерін сұрақтарын қойды. Тұрғындарды толғандыратын басты мәселе – ирригациялық жүйе мәселелері, атап айтқанда, жертөлелерді су басу, су төгетін құбырлармен қыйындықтар және шатырлардың ағып кетуі. М. З. Айманбетов мәселелердің бәріне көзжеткізіп, бас мердігердің алдына тиісті міндеттер қойды.

Үйдің қасбеті мен шатырын жөндеу мәселелерін шешу мақсатында Қоғам Басқармасының Төрағасы бір ай ішінде бүкіл тұрғын үй кешеніне техникалық тексеру жүргізуді және ескертулер мен ақауларды түзету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Осылайша, келесі айда Қоғамның Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов проблемалық мәселелер бойынша қабылданған шешімдерді жариялау үшін тұрғын үй кешеніне барады.

 

Төрағасының блогы