Қоғамның Басқарма Төрағасы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды
2022 жылғы 18 сәуірде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов Алматы қаласындағы бірқатар нысандарды аралау жұмыстарын жүргізілді.
«Ақкент» тұрғын үй кешенін аралау барысында Қоғам Басқармасының Төрағасы соңғы айдағы жұмыстардың орындалу қарқынымен танысып, 7 және 8 дақтар бойынша жұмыс қарқынын арттыру мақсатында тиісті тапсырмалар берілді.
Наурыз айында берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Бірінші басшысы «Асыл арман» тұрғын үй кешенін аралап көрді. М.З. Айманбетов Үй кеңесінің және пәтер иелері кооперативінің (ПИК) өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіп, онда уәкілетті органдармен және құзыретті ұйымдармен проблемалық мәселелерді шешу талқыланды. Атап айтқанда, тұрғын үй кешенінен шығатын уақытша жолды асфальттау мәселесі «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-мен пысықталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне мектеп ашу қажеттілігі туралы хат жолданды. Тұрғын үй кешені ауданындағы жағымсыз иісті кетіру мақсатында Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, сондай-ақ қағаз-картон фабрикасының меншік иелерімен мәселе шешілуде.
Сапар бағдарламасына сондай-ақ «Apple ResidenceNosticova» тұрғын үй кешенің жұмысымен танысу кірді, оның аясында құрылыс салушы «Evergreen adv» ЖШС ғимараттың биіктігі бойынша мәселерді қайта пысықтау міндеті қойылды.
Одан кейін М.З. Айманбетов көпфункционалды кешеннің құрылысы жоспарланған Ақселеу Сейдімбек көшесіндегі Құрамыс ауданындағы №105/3 жер учаскесіне аралап өтті.
«Qazyna» тұрғын үй кешенін аралау аясында «D&J Group» ЖШС және «ABBA Invest» ЖШС консорциумы атынан құрылыс салушыларға Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті «Оңтүстікқазжерқойнауы» және «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық зерттеу институты «Алматы бас жоспары» ЖШС бірлесіп жер асты суларының жоғары деңгейіне қатысты проблемаларды түзетуді тапсырылды.
Сонымен қатар, Қоғам Басқармасының Төрағасы М.З. Айманбетов Алматы облысы Талғар ауданындағы 567 гектар жер телімдерін аралап, болашақта жоспарланған құрылыс мүмкіндіктерін талқылады.