Ағымдағы жылдың 18 сәуірде Алматы қаласында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Әзірбаев Алматы қаласының ескі тұрғын үйлерін реновациялау бағдарламасы бойынша «Көп қабатты үйлер салу» жобасын іске асыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында 1930-1975 жылдары салынған 1427 ескі екі қабатты үй бар. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Алматы қаласының әкімдігі» ММ бірігіу ескі үйлердің тұрғындарына өздерінің өмір сүру жағдайларының сапасы мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік ашады. Осы бағдарлама бойынша салынған жаңа пәтерлер барлық қажетті заманауи инфрақұрылыммен және аумақты абаттандырумен қамтамасыз етіледі.

Төрағасының блогы