2022 жылғы 19 сәуірде сағат 14:30-да (Ақтөбе қ.уақыты бойынша) «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов құрылыс-монтаждау жұмыстарының процесін бақылау мақсатында «Bavaria» тұрғын үй кешенін аралау жұмыстарын жүргізілді.

Тексеру барысында Басқарма Төрағасы құрылыс салушыға «Bavaria Construction» ЖШС-не құрылыс-монтаж жұмыстарын өндіріс кестесінде қарастырылған мерзімде жалғастыруды тапсырды. Осылайша, жұмыстар айқындалып, Шартқа сәйкес жұмыстарды уақтылы және сапалы аяқтау үшін басым міндеттер қойылды.

Сапар қорытындысы бойынша М.З. Айманбетов құрылыс жұмыстарын нақты және уақтылы аяқтауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

 

Төрағасының блогы