2022 жылғы 20 сәуірде Ақтөбе қаласы әкімдігінің қабырғасында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Зарлықұлы Айманбетов және Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров ескі тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламасы бойынша «Көп қабатты үйлер салу» жобасын іске асыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Бұл бағыттағы бірлескен жұмысты іске асыру ескі және тұруға қауіпті үйлердің меншік иелеріне өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша, халықтың жаңа инженерлік инфрақұрылымы бар заманауи және жайлы тұрғын үй кешендерінде өмір сүруге жағдай туғызады.

Осылайша, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ авариялық тұрғын үйлерді реновациялау жобаларына инвестиция салуға және жаңа тұрғын үй алаңдарының құрылысын бастауға ниетті.

Төрағасының блогы