2022 жылғы 20 сәуірде Ақтөбе қаласына жұмыс сапары шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов «Center Group» инвестициялық-құрылыс холдингінің (ИҚХ) өндірістік базасын аралап көрді.

Зауытты аралау барысында Қоғамның Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетоваға компанияның қызметі туралы айтып, шығарылатын өнімнің үлгілерін көрсетті.

«Center Group» ИҚХ Басқарма Төрағасы А.А. Жолдықұлов цехта қабырғалық керамзит бетон блоктар өндірілетінін хабарлады. Болашақта темірбетон бұйымдары мен құрылыс кірпіштерінің өндірісін іске қосу жоспарлануда.

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ құрылыс материалдарының импортын алмастыру мақсатында зауыттар салу мәселелерін пысықтауда. Инвестициялық жобалардың мақсаты құрылыс материалдарының отандық және бәсекеге қабілетті өндірісін құру болып табылады.

Төрағасының блогы