2021 жылғы 22 сәуірде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетовтің Атырау қаласына жұмыс сапары «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы аясында салынған «Жерұйық» тұрғын үй кешенін аралаудан басталды.

Қоғамның Бірінші басшысы тұрғын үй кешенін Жалға алушылармен жеке кездесті, олар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, алты үйдің шатыры мен қасбетін жөндеу қажеттілігі. Сондай-ақ тұрғындармен үй маңындағы аумақты абаттандыру мәселелері талқыланды.

Проблемалық мәселелерді шешу мақсатында М.З. Айманбетов Қоғамның жауапты қызметкерлеріне барлық тұрғын үй кешеніне техникалық тексеру жүргізуді және ақаулық ведомосын әзірлеуді тапсырды. Кездесу барысында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы «Мүлік иелерінің бірлестігін» құру қажеттілігі туралы толық түсінік берді.

Осылайша, барлық қаралған мәселелер «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының жеке бақылауына алынды.

Төрағасының блогы