2022 жылғы сәуір айында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасының Блогына 40 өтініш түсті, оның ішінде 10 негативті сипатта.

Қоғамға келіп түсетін өтініштер Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралады.

Қоғам департаменттерінің құзыреті мен фунционалы шеңберінде өтініштерде қозғалған мәселелер саны:

  • Объектілерді пайдалану департаменті - 4 өтініш;
  • Активтерді іске асыру және мониторинг департаменті - 36 өтініш.

2022 жылғы сәуірде келіп түскен өтініштерді қалалар бойынша мазмұнын талдау келесіні көрсетті:

  • Алматы қаласынан 23 өтініш («Асыл Арман» тұрғын үй кешені -17; «Шұғыла» тұрғын үй кешені -5; «Восточка» тұрғын үй кешені – 1);
  • Өскемен қаласынан 6 өтініш (Есенберлин даңғылындағы тұрғын үй кешені);
  • Ақтау қаласынан 5 өтініш (ш.а. 32а тұрғын үй кешені);
  • Ақтөбе қаласынан 2 өтініш («Юнис Сити» тұрғын үй кешені);
  • Қарағанды қаласынан 2 өтініш («Жанұя» тұрғын үй кешені);
  • Жалға алушы болып табылмайтын тұлғалардан 2 өтініш.

Қоғамның Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов өтініштерге жауап беру тәртібін қатаң бақылауда ұстайды, сондай-ақ Жүгінушіні кері байланыспен толық қанағаттандыру мақсатында жауаптар сапасын ерекше қадағалайды. Осылайша, барлық 40 өтініш уақытылы қаралып, әрбір өтініш бойынша тиісті жауап пен түсініктеме берілді.

 

Төрағасының блогы