2022 жылғы 17 мамырда Жезқазған қаласында жұмыс сапары аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Айманбетов Мәулен Зарлықұлы Жезқазған қаласының Әкімі Абсаттаров Қайрат Бектайұлымен кездесті.

Кездесу барысында М.З. Айманбетов «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның саясатты шеңберінде ескі үйлерді реновациялау бойынша жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін атап өтті. Жиыйнға қатысушылар Жезқазған қаласындағы ескі және апатты тұрғын үйлердің қазіргі жағдайы, сондай-ақ жаңа тұрғын үй кешендерін салу жоспарлары жөнінде пікір алмасты. Ең алдымен апатты үйлер тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты маңызды әлеуметтік күйзелістің бірі — ескі тұрғын үй мәселесін шешуге көп көңіл бөлінді.

Кездесу соңында ескі үйлерді реновациялау бағдарламасы бойынша «Көп қабатты үйлер құрылысы» жобасын іске асыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Бұл бағыттағы бірлескен жұмысты іске асыру ескі үйлерде тұратын адамдарға қазіргі заманғы инженерлік инфрақұрылымы бар жайлы пәтерлер алуға мүмкіндік береді.

Төрағасының блогы