2022 жылғы 20 мамырда Қонаев қаласында жұмыс іс-сапары аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Айманбетов Мәулен Зарлықұлы Қонаев қаласының Әкімі Құматаев Нұрлан Орынбасарұлымен кездесті.

Кездесу барысында қаланың тұрғын үй қорын жаңарту мәселесі талқыланды. М.З. Айманбетов «Samruk-Kazyna Construction»АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметі шеңберінде Қазақстан өңірлеріндегі ескі және авариялық тұрғын үйлерді реновациялау жөніндегі жобаларды іске асыру мүмкіндіктері  туралы айтып берді.

Жиын қорытындысы бойынша ескі үйлерді реновациялау бағдарламасы бойынша «Көп қабатты үйлер құрылысы» жобасын іске асыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Жұмыс сапары өмір сүру үшін қауіпті апатты және ескі үйлерді аралаумен жалғасты. Қоғам және қала Әкімдігі зор әлеуметтік рөл атқаратын және қаланың жайлылығын арттырудың, оның сыртқы келбетін жақсартудың, оған қоса инфрақұрылымды дамыту мен аумақты абаттандырудың драйвері болып табылатын жаңа тұрғын үй алаңдарын салу үшін бірлескен күш-жігер жұмсауға ниетті.

Төрағасының блогы