Ағымдағы жылдың 19 маусымында Елордада өткен  Nur-Sultan Half Marathon-2022 «Samruk-Kazyna Construction» АҚ екі қызметкері қатысты.

Марафон аясында Активтерді пайдалану және сату департаментінің бас менеджері Алмас Сембинов және Жалдау төлемдердің мониторинг департаментінің бас менеджері Ақсанат Қайнекова 21,1 км қашықтықты өтті.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ қызметкерлерді шын жүректен құттықтап, оларға жұмыста және спортта табыс тілейді!

Nur-Sultan Half Marathon 2022 – «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының Ел астанасындағы бірінші жартылай марафоны. Оған 24 еліден 4000-нан астам адам қатысты.

 

Төрағасының блогы