2022 жылғы 20 маусымда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да (бұдан әрі – Қоғам) М.З. Айманбетовтың төрағалығымен Қоғамның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің толық құрамының қатысуымен апта сайынғы кеңестер өтті.

Кеңейтілген отырыстардың форматы ағымдағы жағдай туралы ашық мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік береді, сондай-ақ кері байланыс алуға және алынған деректер негізінде компания үшін іс-қимыл жоспарын түзетуге жол ашады.

Кеңестер барысында Қоғам қызметінің негізгі бағыттарына қатысты ауқымды мәселелер талқыланды. Сонымен, қатысушылар жалдау төлемдерінің мониторингі бойынша, тұрғын және коммерциялық үй-жайларды пайдалану туралы, инвестициялық, қаржылық қызмет мәселелері бойынша және т. б. жұмыстың аралық қорытындылары туралы есеп берді.

Кеңестер соңында барлық көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, оларды орындау мерзімдері белгіленді.

Төрағасының блогы