Байланыста болыңыз
Байланыста болыңыз

Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының 310 МВт бугазтурбиналық электр станциясы (БГТЭС)

Жоба «Атырау облысындағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында стратегиялық маңызды жобаларды – полиэтилен және полипропилен өндіретін зауыттарды электр энергиясымен және жоғары қысымды бумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұдан басқа, құрамдастырылған электр станциясы аймақта электр энергиясы көздері жоқ электр жүктемесінің өсуін сенімді жабуды қамтамасыз етеді және өңірдің электр жүктемелерінің тәуліктік кестесінің ауыспалы бөлігін жабу үшін маневрлік қуат көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

2019 жылдың қараша айында объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылды. 4 газ турбинасында іске қосу-реттеу жұмыстары (ІҚРЖ) аяқталды, бұл станцияның 200 МВт өндіруге дайындығын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта бу генераторларын іске қосу үшін 2020 жылдың шілде айында аяқтаумен ІҚРЖ орындалуда, бұл БГТЭС жиынтық қуатын 310 МВт-қа дейін қамтамасыз етеді.