Байланыста болыңыз
Байланыста болыңыз

ГТЭС инженерлік қамтамасыз ету объектілері: Инженерлік желілер дәлізі. Сыртқы сумен жабдықтау. Су дайындау және ағындарды тазалау қондырғылары

Жобаның негізгі компоненттері:

  • Өндірістік-өртке қарсы су - 650 м3 /тәул.;
  • Тұзсыздандырылған су - 9 120 м3/тәул.;
  • Деминералданған су - 1 422 м3/тәул.;
  • Сарқынды суларды тазарту (химиялық ластанған, құрамында мұнай бар, шаруашылық-тұрмыстық) – 9 426 м3/тәулік;
  • Ұзындығы 31 км өзен су құбыры;
  • ГТЭС инженерлік қамтамасыз ету объектілері және инженерлік желілер дәлізі.

Құрылыстың басталуы – 2018 жылдың желтоқсан айы

Құрылыстың аяқталуы – 2021 жылдың ақпан айы

Жобалау, сараптама және қорытынды алу:

  • 1-жұмыс «Инженерлік желілер дәлізі». «Мемсараптама» РМК-ның 15.10.2019 ж. №01-0409/19 оң қорытындысы алынды.
  • 2-жұмыс «Сыртқы сумен жабдықтау». «Мемсараптама» РМК-ның 03.09.2019 ж. №01-0338/19 оң қорытындысы алынды.
  • 3-жұмыс «Су дайындау». «3-жұмыс. Су дайындау. (УВПиОС)», Жоба кезеңі» жобасы бойынша «Мемсараптама» РМК 31.12.2019 ж. №01-0566/19 оң қорытындысы алынды. «3-жұмыс. Су дайындау, Жұмыс құжаттамасы кезеңі» жобасы бойынша  жұмыс жүргізілуде.

 

Құрылысы:

  • 1-жұмыс «Инженерлік желілер дәлізі». Объектінің дайындығы (оның ішінде сумен жабдықтау және канализация құрылысы бойынша учаскеде, су қоймаларын монтаждау бойынша учаскеде, сорғы станциялары мен ғимараттары құрылысы учаскесінде) - орташа 79%. БГТЭС үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді.
  • 2-жұмыс «Сыртқы сумен жабдықтау». Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, БГТЭС-ға үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Автоматика бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары, қабылдау-тапсыру жұмыстары орындалуда.

3-жұмыс «Су дайындау». Тұзсыздандырылған судың нөлдік сұйық төгінділерін қамтамасыз ету қондырғысы, КОС-1, КОС-2, асханамен АБК, зертхана және тағы басқа объектілерді салу бойынша 0-циклдің жұмыстары орындалуда. Объектінің жалпы дайындығы - 24%