Байланыста болыңыз
Байланыста болыңыз

Жылжымайтын мүліктің девелопменті

Стратегия жобаларын іске асыру инвестициялардың табыстылық қағидатына негізделетін болады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ кірістіліктің ішкі нормасы капиталдың орташа алынған құнынан асып кеткен жағдайда, сондай-ақ таза келтірілген құн көрсеткішінің оң мәні болған жағдайда жылжымайтын мүлік құрылысына инвестициялайтын болады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қызметінің жаңа бағыттарын іске асыру үшін, оның ішінде нарықтық жағдайда қаржыландыруды тартуды жоспарлап отыр.

Жылжымайтын мүліктің девелопменті:

  • Тұрғын үй-кешендерін, апарт-қонақ үйлер, әлеуметтік объектілер мен бизнес орталықтарды салу;
  • Әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу;
  • Қоқыс өңдеу зауыттарының құрылысы салу;
  • Канализациялық-тазарту құрылыстарын салу.

Қаралатын инвестициялық жобалар:

  • Атырау қаласында тұрғын алабы бар Бизнес-орталық салу;
  • Орал қаласында апартаменттермен Бизнес-орталық салу;
  • Түркістан қ., Нұр-Сұлтан қ. апарт-қонақ үйлер салу;
  • Нұр-Сұлтан қаласында «Europe Рalace» ТК - 3 кезек» тұрғын үй кешенінің құрылысы.