Байланыста болыңыз
Байланыста болыңыз

Инвестициялық-стратегиялық бағыттар

Тұрғын үй саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға инвестициялық жобаларды бастамашылық етуде, талдауда және іріктеуде, құрылыс жобаларын жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде инвестициялық әріптестер мен мердігерлерді тартуда, соңғы тұтынушыларға жылжымайтын мүлікті сатуда, жылжымайтын мүлік нарығын талдауда құзыреттерге ие болуға және оларды дамытуға мүмкіндік берді. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жылжымайтын мүлік нарығына қатысушылармен, оның ішінде муниципалдық органдармен және мемлекеттік ведомстволармен жұмыс істеу тәжірибесіне қол жеткізіп, нарықта өз орнын алды.

Мемлекет басшысы Қорды басқару жөніндегі кеңестің 2018 жылғы 19 сәуірдегі отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті. Жалғыз акционердің жаңа миссиясы мен пайымы коммерциялық фокусқа бағытталды және инвестициялардың тиімділігі мен қайтарымдылығын көздейді.

Қазіргі уақытта, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның одан әрі даму пайымын, Қазақстан экономикасының қазіргі әлеуеті мен қажеттіліктерін ескере отырып, Жалғыз акционер «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның қызметін коммерцияландыру туралы шешім қабылдады.

Инвестициялық бағыттар:

  • Ірі және әлеуметтік маңызы бар жобалар девелопменті;

Мегажобалар мен әлеуметтік маңызы бар жобалар девелопменті шеңберінде Компаниялардың қолда бар активтерін анағұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін, учаскелерді және/немесе жылжымайтын мүлік объектілерін дамытуға бағытталған инвестициялардың тиімді қайтарымын қамтамасыз ететін, сондай-ақ өңірлерді дамытуға жеке капиталды тартуға ықпал ететін жаңа аумақтар девелопментінің және/немесе ескі аумақтар редевелопментінің озық тәжірибесі мен тетіктерін пайдалану болжануда;

  • «Жасыл» технологияларды қолдану арқылы жылжымайтын мүлік девелопменті

Қазақстан Республикасында «жасыл құрылыс» практикасын енгізу мақсатында осы саладағы жетекші құрылыс компанияларын тарта отырып, «жасыл технологияларды» («жасыл» жобалар) қолданумен бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр;

  • Коммерциялық жылжымайтын мүлік девелопменті;

Жеке сектордың төмен белсенділігі кезінде өсу әлеуеті жоғары салалардағы коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің девелопменті (орта класты қонақ үйлердің девелопменті; сауда-ойын-сауық орталықтарының, бизнес-орталықтардың девелопменті).

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы мен аралас салаларының даму перспективаларын кешенді талдау, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ішкі ортасын талдау, ұлттық және жаһандық даму үрдістері негізінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Миссиясы мен Пайымына сәйкес келетін дамудың стратегиялық бағыттары айқындалды.

Стратегиялық бағыттар:

  • МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ҚАТЫСУДЫ АЯҚТАУ;
  • ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ БАСҚАРУ: Қоғамға меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлікті басқару, сондай-ақ Жалғыз акционерге және «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компанияларына осындай қызметтерді көрсету»;
  • ҚҰРЫЛЫСТЫ БАСҚАРУ:  Компаниялар тобы бойынша құрылысты басқару. Осы бағыт шеңберінде Қоғам құрылысқа Тапсырыс беруші ретінде, сондай-ақ белгіленген бюджет, мерзім және тиісті сапа шегінде құрылыс жобаларын іске асыру үшін жинақталған тәжірибе мен ресурстарды пайдалана отырып, жобаларды басқару жөніндегі кеңесші ретінде әрекет етеді;
  • КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҮЛЕСТЕРІН ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САТЫСЫНДА СЕНІМДІ БАСҚАРУ. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына кіретін компаниялардың инвестициялық (жобалау және құрылыс) кезеңдегі үлестері мен акцияларын сенімгерлік басқару.