Жалпы ақпарат
Тұрақты даму «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның одан әрі өсуі және дамуы үшін негіз болып табылады. Samruk-Kazyna Construction» АҚ еңбекті қорғау, әлеуметтік жауапкершілік, экологиялық әсерлерді басқару мәселелерін басқарудың сенімді және тиімді жүйесін құруға ниет етті.
Компания негізгі қағидаттарды, стратегиялық міндеттерді және «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да тұрақты даму жүйесінің тиімділігі туралы есептілікті бекіте отырып,Тұрақты даму жөніндегі саясатты әзірлеп бекітті.
Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрақты даму саласындағы негізгі бағыттары:
- Samruk-Kazyna Construction» АҚ қызметінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;
- Қызметтің тұрақты даму саласындағы экологиялық бағыты;
- Қызметтің тұрақты даму саласындағы әлеуметтік бағыты.
Samruk-Kazyna Construction» АҚ Тұрақты даму жөніндегі саясатты іске асыру бойынша басты мақсаттары:
- Samruk-Kazyna Construction» АҚ –ның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салаларында қоғамның тұрақты дамуына үлесін арттыру;
- Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді дамыту және олардың тарапынан Samruk-Kazyna Construction» АҚ деген сенімін арттыру;
- Еңбек тиімділігін арттыру және Жылжымайтын мүлік қоры қызметкерлерінің әлеуетін іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау;
- Корпоративтік басқару жүйесін дамыту, бизнес процестердің айқындылығын арттыру.
БҰҰ-ның Ғаламдық шартының принциптерін мойындай отырып, Қоғам өзінің қызметінде келесі принциптерді ұстанатындығын мәлімдейді:
адам құқығын қорғау саласында
|
· халықаралық дәрежеде жарияланған адам құқығын қорғауды қамтамасыз етеді және құрметтейді; · адам құқығын бұзуға қатысының болмауын қамтамасыз етеді. |
еңбек қатынастары саласында |
· жиналыстардың еркіндігін қолдайды және ұжымдық шарттар жасау құқығын мойындайды; · міндетті және еріксіз еңбекті түп-тамырымен жоюға ықпал етеді; · балалар еңбегін түп-тамырымен жоюға ықпалын тигізеді; · еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікті түп-тамырымен жоюға ықпал етеді. |
қоршаған ортаны қорғау саласында
|
· қоршаған ортаға теріс әсер етудің алдын алуға ықпалын тигізеді; · экологиялық жауапкершіліктің бастамаларын қабылдайды және таратуға ықпал етеді; · экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға көмегін тигізеді. |
сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында
|
· бопсалаушылық пен парақорлықты қоса алғанда, барлық сыбайлас жемқорлық түрлеріне және басқа заңға қайшы әрекеттерге төзбеушілік туралы хабарлайды. |
Еңбекті қорғау
Еңбекті ұйымдастыру және адами ресурстарды дамыту Кадр саясатына сәйкес жүзеге асырылады. Компанияның Кадр саясатының басты қағидаты – қызметкерлерді, сапасы Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін аса маңызды негізі стратегиялық ресурс ретінде тану.
Samruk-Kazyna Construction» АҚ әлеуметтік жауапты жұмыс беруші болып табылады, бұл адам құқықтарын, еңбек заңнамасының нормаларын сақтауды, қызметкерлердің жақсы еңбек жағдайларына құқықтарын тануды, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер беруді, кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етуде байқалады.
Экология
Жылжымайтын мүлік қорында Экологиялық саясат қабылданып іске асырылады.
Жылжымайтын мүлік қоры қоршаған орта мен табиғи ресурстарды барынша тиімді пайдалану қағидаттарын сақтауға тырысады, қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алуға ықпал етеді, қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамалар жасайды, экологиялық таза және энергия үнемдейтін технологияларды дамытуға және таратуға көмектеседі.
Жылжымайтын мүлік қорының экологиялық саясат шеңберіндегі бағыттары:
- жобаларды іріктеу кезеңінде экологиялық қағидаттарды қолдану;
- жобаларды іске асыру кезеңінде экологиялық қағидаттарды қолдану;
- жалпы қызметті іске асыру кезеңінде экологиялық қағидаттарды қолдану.
Компания іске асыратын жобаларға «жасыл құрылыс» қағидаттарын енгізуге белсенді қатысады.
Компания жобаларды іріктеу кезеңінде ҚР ҚНмЕ және әлем тәжірибесіне сәйкес тұрғын үй объектілерінің жайлылығы, қауіпсіздігі, оларға қызмет көрсетудегі үнемділігі бойынша ұсынылатын технологиялар тізбесін басшылыққа алады. Бұл энергиялық тиімді технологияларды қолдануды, ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік беріп отыр.
Қатысу аймақтарына экономикалық ықпал ету
Қоғам жылжымайтын мүлік нарығында 2009 жылдан бастап қызмет етеді және осы уақыт ішінде тұрғындарға қол жетімді баспана құрылысы және сату саласында бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысты. Қоғамның қатысуымен 2 млн нан астам жылжымайтын мүліктің шаршы метрі іске пайдалануға берілді.
Қоғам бюджетке салықтар мен алымдар төлеу, жұмыс орындарын қамтамасыз ету, сонымен қатар қазақстандық өндірушілерден тауарлар, жабдықтар және қызметтер сатып алу арқылы мемлекеттің дамуына үлес қосады. Қоғамның қаржылық және операциялық көрсеткіштерге қол жеткізуі орнықты даму қағидаларына қайшы келмейді.
Қоғамның 2018 жылғы салық төлемдерінің жалпы сомасы 1 659 209 мың теңгені құрады. Қоғам мемлекеттік органдардан жеңілдіктерді, көмекқаржы мен преференциялар алмайды.
Қоғам қызметі аймақтағы еңбек өнімділігін арттыру, кедейлік деңгейін төмендету, тұрғын үйдің халыққа қол жетімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру және аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы қатысу аймақтарының дамуына бағытталған. Қоғамның тиімділігін арттырудың басты факторлары инвестицияларды және табыстылықты басқару, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын сәтті іске асыру және акционерлік құнды арттыру бойынша бастамалар болып табылады. Қоғам жобаларды іске асыру барысында өзінің қатысу аймақтарында жұмыс орындарын құрады және аймақтардың экономикасының көтерілуіне көмегін тигізеді. 2010-2018 ж.ж. еліміздің 11 аймағында 28 мынан астам құрылыс нысандарының жұмыс орындары, солардың ішінде 2018 жылы – 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Тұрғын үй құрылысы саласына шамамен 35,5 млрд теңге жеке меншік инвестициялар тартылды. Қоғамның сатып алуларындағы қазақстандық мазмұнның үлесі 2018 жылы 78,19%-ды құрады, ұзақ мерзімді сатып алуларды есепке алғанда 2017 жылы бұл көрсеткіш 63%-ды құраған.