Еншілес ұйымның үлесін сату
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2020 жылы «СҚ Девелопмент» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін өткізуге жоспарлағанына байланысты, әлеуетті инвесторларды іздеуде
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2020 жылы «СК Девелопмент» ЖШС-ның жарғылық капиталына 100% қатысу үлесін өткізуге жоспарланғанына байланысты, әлеуетті инвесторларды іздеуде.
«СК Девелопмент» ЖШС-ны жекешелендіру Қор Басқармасының 2018 жылғы 21 мамырдағы шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі және «СК Девелопмент» ЖШС-ның жарғылық капиталына Қоғамның 100% қатысу үлесін 2 кезеңде иеліктен шығаруды көздейді.
Бірінші кезеңде (2020 ж. қараша айы) - 51% қатысу үлесін, екінші кезеңде (2021 ж. 3-тоқсан) - 49%-н өткізу жоспарланып отыр.
Қоғам «СК Девелопмент» ЖШС-ның жалғыз қатысушысы болып табылады.
«СК Девелопмент» ЖШС қызметінің негізгі түрлері:
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жобаларды басқару (2 жылға берілген Аккредиттеу туралы 02.04.2019 ж. № 000025 куәлік);
- бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау бойынша инжиниригтік қызметтерді жүзеге асыру (2 жылға берілген Аккредиттеу туралы 11.04.2019 ж. № 01009 куәлік).
Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 8/7172/ 277-859; 277-856