«Samruk-Kazyna Construction» Акционерлік қоғамы дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында проблемалық нысандардың құрылысын аяқтап, 3 мыңнан астам үлескердің мәселелерін шешті және жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруға көмектесті.  Дағдарысқа қарсы бағдарламаның операторы ретінде компания құрылыс секторының одан әрі құлдырауына жол бермей, керісінше өсу қарқынын жеделдетті. Атап айтқанда, Астана, Алматы қалаларында және Алматы облысында 20 нысан пайдалануға берілді. Салынған жылжымайтын мүліктің ауданы 508,5 мың шаршы метрді құрайды.

2014 жылдан бастап Қоғам өз қызметін Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде жалғастырды (2016 жылдан бастап "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасына енген). Бағдарлама аясында "Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша Қоғам ауданы 596,6 мың шаршы метр тұрғын/тұрғын емес үй-жайлары бар 19 нысан салды. «Коммерциялық тұрғын үй» бағыты бойынша 11 нысан - 326,6 мың шаршы метр тұрғын/тұрғын емес үй-жайлар.

Қоғам «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған және жалға берілген тұрғын/тұрғын емес үй-жайлардың иесі бола отырып, Қазақстанның 12 қаласы бойынша тұрғын үй кешендерінің жай-күйін бақылайды.

2021 жылы Samruk-Kazyna Construction мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың инвестициялық кезеңін аяқтады. Енді аталған бағдарламаларға бөлінген қаражатты қайтару бойынша қызметті жүзеге асырып жатыр (жалдау төлемдерін тексеру және жинау, т.б.). Қоғам жалға алушылармен 9000-ға жуық келісімшарт жасасқан.

Төрағасының блогы