Новые школы Казахстана: что стоит за проектом "Келешек мектептері"
Биыл жыл соңына дейін жаңа форматтағы 112 мектеп пайдалануға беріледі. Оқу-ағарту министрлігі ұсынған дерек осындай. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы сәтті жүзеге асып жатыр. Елде «Келешек мектептердің» құрылысы онлайн бақыланады. Цифрлық жүйе арқылы салынатын нысандағы барлық жұмыс бейнетаспаға жазылып, арнайы платформада жарияланады. Бұл құрылыс сапасын сақтауға және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, дейді мамандар. Ғабит Малғаздаров, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары: - Құрылыс саласында жаңадан алғашқы рет енгізілген е-Qurylys ақпараттық жүйесі бар. Ол деген қағаз жүзінде қабылданған актілерді қабылдау оған қол қою және де оны тапсыру бәрі цифрландырылған. Ол қазіргі таңда мердігерлер жеңілдету және жемқорлықты болдырмау аясында, қағаз жүзінде қол қою бәрін жойдық. Құрылыс алаңдарында бір емес, бірнеше бейнебақылау құрылғысы орнатылады. Камералар онлайн режимде тәулік бойы жұмыс істейді. Ғабит Малғаздаров, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары: - Обьектілер басталған кезден, осы аяқталғанға дейін, бейнебақылау. Сегіз камера бар. Сол сегіз камера арқылы обьекттің қандай жұмыстар жүріп жатыр, неше адам жұмыс істеп жатыр, қандай сатыда тұрғанының бәрін, каркас көтерілді ма, терезелер орындалып жатыр ма, жұмыс қарқынды жүріп жатыр ма жоқ па соның бәрін біз 24/7 қарай аламыз. Айта өткен жөн, 2024-2025 оқу жылында 254 мың орындық 105 білім ордасы бой көтерді. Өткен жылы бас шаһарда 16, Шымкентте 11, Алматы қаласында 7 "келешек мектебі" ашылды. Түркістан облысында 13, Ақмола мен Алматы өңірінде 9 мектеп. Ақтөбеде 2, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында 5 білім ордасы іске қосылды. Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Маңғыстау облыстарында 4 оқу ошағы пайдалануға берілді. Ал Атырау, Абай және Батыс Қазақстан облысында 3 мектеп оқушыларды қабылдады. Тағы Жетісу, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде 1 мектептен ашылды. Мирлан Алтынбек
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/717827-kelesek-mektepterinin-kurylysy-onlajn-bakylanady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс