Мемлекеттік құрылыс бағдарламаларын шетелде жүзеге асыру
Алдағы уақытта Қоғам жоба бойынша тапсырыс беруші болып табылатын "KazAID" КЕАҚ бірлесіп, Түркия Республикасының жер сілкінісінен зардап шеккен ауданында мектеп салуды жоспарлап отыр.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен Қоғам мектеп құрылысының жобасын басқарушы компаниясы болып тағайындалды. Қаржыландыру көзі мен шарттары Үкіметтің және/немесе Жалғыз Акционердің шешімімен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірленіп, Түркия Республикасының заңнамасына сәйкес құрылысқа рұқсат беру құжаттарын алғаннан кейін айқындалады.