«Комплаенс» (ағылш. Compliance – сақтау, келісу) – қандай да бір ішкі не сыртқы талаптарға немесе нормаларға сәйкестікті білдіреді.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) комплаенс-бақылаушы қызметінің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі саясатты айқындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды іске асыруды бақылауды жүзеге асыру.

2018 жылғы 17 мамырда Директорлар кеңесінің шешімімен Қоғамның ұйымдық құрылымына Комплаенс-бақылаушы лауазымы енгізілді. 

Комплаенс-бақылаушы Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, қажет болған жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды ескере отырып, ішкі нормативтік құжаттарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ҚР заңнамасына сәйкес келтіруді қамтамасыз етеді.

2020 жылдың бірінші жартысында Қоғамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты әзірленді, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның сатып алу саласындағы, қызметкерлерін жалдау, бағалау, ілгерілету және жұмыстан босату кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және өзге де бизнес-үдерістеріне талдау жүргізілді.

2020 жылдың II тоқсанында Коғамның контрагенттеріне сомасы 10 млн теңгеден асатын көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары бойынша кешенді тексеру жүргізілді. Сатып алу саласында www.zakup.sk.kz веб-сайты негізінде тексерулер жүргізілді.

2020 жылдың IV тоқсанында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Жылқышиеваның қатысуымен семинар өткізілді. Сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтар және парасаттылық идеологиясын қалыптастыру туралы» тақырыбында «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес кәсіпорындары: «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «SK Development» ЖШС, «Компания по строительству объектов» корпоративтік қоры ұжымдарымен кездесу өткізілді.

"Samruk-Kazyna Construction" АҚ Комплаенс-бақылаушы туралы ереже

«Samruk-Kazyna Сonstruction» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері жөніндегі аналитикалық анықтама

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты

Төрағасының блогы