
Компания туралы
Еншілес компаниялар
Құжаттама«СҚ Девелопмент» ЖШС
«Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның еншілес ұйымы
«СҚ Девелопмент» ЖШС 2013 жылғы 20 наурызда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңы және Астана қаласында ЭСКПО-2017 өткізуге дайындық шеңберінде «жасыл» және жоғары коммерциялық құрамдас экотехнологияларды қолдана отырып, жылжымайтын мүлік объектілерін салу бойынша жобаларды іске асыру мақсатында құрылды. Қызметінің негізгі бағыттары «жасыл» технологияларды қолдана отырып, тұрғын үй құрылысының девелопменті; Қазақстан Республикасында және шетелде инфрақұрылымдық жобаларды салуды инвестициялау; индустриялық аймақтар мен бизнес парктердің девелопменті; институционалдық және жеке инвесторларды тарту; мердігерлік ұйымдар орындайтын жұмыстардың сапасы мен мерзімін бақылау; құрылыс салу ауданында инженерлік желілерді, ғимараттар мен құрылыстарды салуды, көгалдандыру аумақтарын ұйымдастырумен байланысты іс-шараларды жүргізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын (Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 23.01.2013 ж. хаттамасы) орындау аясында «СҚ Девелопмент» ЖШС «BI Corporation» ЖШС-мен бірлесіп, «жасыл» технологияларды қолданумен «Жасыл орам» жобасын іске асырды.
2018 жылы «Жасыл орам» жобасының құрылысы аяқталды. Жоба 10 тұрғын үйден, 3 коммерциялық блоктан және жер үсті паркингі орналасқан подиумнан тұрады. «Жасыл орам» жобасының сәулет тұжырымдамасын Британдық AHR компаниясы әзірледі. Тұжырымдамада инновациялық жасыл технологияларды қолдану көзделген – «Жасыл орам» объектісінің ғимараттары LEED (Leadership in Energy and Environmental Design) стандарттарына сәйкестікке сертификатталды. Аумақта үй маңындағы аумақтың ландшафтық дизайны, көркем көл, жүгіру және велосипед жолдары бар саябақ, фитнес-клуб, сауықтыру орталығы орналасқан. Т4 және Т5 бизнес-орталықтарында «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның көптеген еншілес ұйымдарының бас офистері орналасқан.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Директорлар кеңесі 2020 жылғы 28 желтоқсанда «СҚ Девелопмент» ЖШС жарғылық капиталына Қоғамның 100% қатысу үлесін кезең-кезеңімен иеліктен шығаруды бекітті. Жоғарыда көрсетілген шешімге сәйкес 2021 жылғы 29 желтоқсанда Қоғам мен «VentKarkaraServis» ЖШС арасында «СҚ Девелопмент» ЖШС жарғылық капиталындағы 51% үлесті Сатып алу-сату шарты жасалды.
2020 жылғы 31 желтоқсанда қатысушылар құрамының өзгеруіне байланысты, уәкілетті орган «СҚ Девелопмент» ЖШС қайта тіркеуді жүргізді.
Осылайша, 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қоғам «СҚ Девелопмент» ЖШС жарғылық капиталында 49% үлеске ие.
«СҚ Девелопмент» ЖШС келесі аккредитациялар мен сәйкестік сертификаттарына ие:
- 2 жыл мерзімге сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жобаларды басқару құқығына 25.01.2021 жылғы № KZ89VWC00003746 аккредиттеу туралы куәлік;
- 2 жыл мерзімге бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілер бойынша техникалық қадағалау жөнінде инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына 12.04.2021 жылғы № KZ29VWC00005117 аккредиттеу туралы куәлік;
- ISO 9001-2016, ISO 45001-2019, техникалық және технологиялық күрделі объектілерде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыруға (ЭҚЖЖ коды: 71.12.1, 71.12.7), сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруға тікелей қатысты (ЭҚЖЖ коды: 71.11.2), 14.04.2021 жылғы №KZ.7500831.07.03.02998 СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ, «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті», 14.04.2021 жылғы №KZ.7500831.07.03.02997 «Сапа менеджменті».
Аяқталған объектілер:
- «Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымының объектілерін салу (Қарабатан және Теңіз учаскелері). Сыртқы электрмен жабдықтау.
Тапсырыс беруші: «Karabatan Utility Solutions» ЖШС
Аяқталу мерзімі: 2019 жылғы шілде
- «Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының алаңішілік автожолын салу» (Қарабатан учаскесі).
Тапсырыс беруші: «Karabatan Utility Solutions» ЖШС
Аяқталу мерзімі: 2019 жылғы шілде
- «Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымының объектілерін салу» (Қарабатан және Теңіз учаскелері).
- ГТЭС инженерлік қамтамасыз ету объектілері. Инженерлік желілер дәлізі. 1-ші кезек;
- Сыртқы сумен жабдықтау. 1-ші кезек;
- Су дайындау және ағынды суларды тазарту қондырғысы. 1-ші кезек.
Құрылыс мерзімі: 2018 жылғы желтоқсан - 2022 жылғы мамыр.
Тапсырыс беруші: «Karabatan Utility Solutions» ЖШС
Бас мердігер: «Bazis Construction» ЖШС
- «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының 50 орындық стационары бар медициналық орталық (емхана) құрылысы».
Құрылыс мерзімі: 2021 жылғы тамыз - 2022 жылғы наурыз
Тапсырыс беруші: «Объектілерді салу жөніндегі Компания» корпоративтік қоры
Бас мердігер: «СМЖ-Атамекен» ЖШС
Жалпы ауданы: 4 146,18 м2.
- «Французкий квартал» көп пәтерлі тұрғын үй кешені құрылысы. Мекенжайы: Атырау қаласы, Авангард шағын ауданы, Жайық өзенінің оң жағалауындағы аудан
Құрылыс мерзімі: 2020 жылғы қараша - 2022 жылғы наурыз.
Тапсырыс беруші: «Stream energy company» ЖШС
Бас мердігер: «BASTAU CONSTRUCTION» ЖШС
Пәтерлердің жалпы ауданы: 32 000 м2.
Іске асырып жатқан жобалар:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А. Байтұрсынұлы, Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов, К.Әзірбаев және №23-8 көшелерінің қиылысы «Мыңжылдық аллеясында көппәтерлі тұрғын үй кешені» құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру
Жобалаудың басталуы: 2021 ж.
Жоба құрылысының аяқталуы: 2022 ж.
Тапсырыс беруші: «BSK Stroy» ЖШС
Бас мердігерлік ұйымы: «Bazis Construction» ЖШС
Бас жобалау ұйымы: «Астанагражданпроект» ЖШС
Жобаның негізгі компоненттері:
Тұрғын үй-жайлардың жалпы ауданы – кемінде 67 000 ш.м.
Коммерциялық жайлардың жалпы ауданы – кемінде 7400 ш.м.
Тұрақ орындарының жалпы ауданы (кемінде 370 бірлік). – 5 550 ш. м.
Іске қосылған техникалық қадағалау сарапшыларының саны – бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі 2 ТҚС
- «Алматы қаласындағы 350 төсектік жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығының» құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру
Жалпы ауданы: 68 762,01 м2.
Жобалаудың басталуы: 2021 ж.
Жоба құрылысының аяқталуы: 2023 ж.
Тапсырыс беруші: «Объектілерді салу жөніндегі Компания» корпоративтік қоры
Бас мердігерлік ұйымы: «B&A Contractors SA» ЖШС
- «Нұр-Сұлтан қаласында 200 төсектік Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» құрылысын техникалық қадағалауды жүзеге асыру
Жалпы ауданы: 51 970 м2.
Жобалаудың басталуы: 2021 ж.
Жоба құрылысының аяқталуы: 2023 ж.
Тапсырыс беруші: «Объектілерді салу жөніндегі Компания» корпоративтік қоры
Бас мердігерлік ұйымы: «MABCO Construction SA» ЖШС
Мекен-жай: Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10-құрылыс
Ақпараттық орталық: +7 (7172) 277 860 (қабылдау бөлмесі)