//

Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы (бұдан әрі – ұлттық жоба) апаттық мектептерді, үш ауысымды оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.

Мақсатқа жету арқылы екі негізгі міндетті орындау көзделіп отыр:

  1. Қалалар мен белсенді дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде оқушы орындарының қазіргі және болжамды тапшылығын жою үшін 2026 жылға дейін кемінде 800 мың (екі ауысымды оқыту) жаңа оқушы орнын пайдалануға беру;
  2. Ұлттық жоба шеңберінде қолданысқа тапсырылатын мектептерде жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру.

Қаулыға сәйкес, "Samruk-Kazyna Construction" акционерлік қоғамы ұлттық жобаны іске асыру аясында орта білім беру ұйымдары нысандарының нысаналы құрылысы жөніндегі Дирекциясы ретінде айқындалды.

Қаулыда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлесіп әзірлеген тапсырмасына сәйкес 300, 600, 900, 1 200, 1 500, 2 000, 2 500 білім алушыға арналған орта білім беру ұйымдарын жобалау "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі үйлестіруші - дирекция "Samruk-Kazyna Construction" акционерлік қоғамымен жүзеге асырылатыны қарастырылған.

Сондай-ақ, Қаулыға сәйкес бірінші тетік бойынша орта білім беру ұйымдарының жаңа нысандарының нысаналы құрылысы тапсырыс беруші функциясын атқаратын Дирекция арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бірінші тетікті іске асыру келесіні көздейді:

  • жергілікті атқарушы органдардың (әрі қарай ЖҚО) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына және 36-бабы 1-тармағына сәйкес ұлттық жобаны іске асыру аясында орта білім беру нысандарының құрылысы кезеңіне Дирекцияға жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беруді;
  • мектеп құрылысы жоспарланған жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту мүмкіндігін;
  • орта білім беру ұйымдарының жаңа нысандарын салуға, «дайын күйде» жаңа оқушы орындарын қолданысқа беруге байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлерін сатып алуды көздейді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Дирекцияға келесі жауапкершілік жүктелген:

  • қайта қолдануға жарамды, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар ұлттық жобаның бірыңғай стандартына сәйкес 2 климаттық және 3 сейсмикалық аймаққа арналған сыйымдылығына қарай мектептердің 7 түрі бойынша 37 жобалық-сметалық құжаттаманы (31 қайта қолдануға жарамды) (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу;
  • ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелерді орындау;
  • салынып жатқан/салынған нысандардың ұлттық жобаның және жобалау тапсырмасы талаптарына сәйкес келуі;
  • ұлттық жоба шеңберінде жаңа оқушы орындарын қолданысқа тапсыру жоспарын сақтау;
  • ұлттық жобаны іске асыру бойынша ұсынылатын ақпарат пен құжаттамалардың дұрыс және толық болуы.

Бұдан басқа, Дирекция Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы №71 бұйрығымен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жобаны басқаруды жүзеге асырады.

Төрағасының блогы