
Дағдарысқа қарсы бағдарлама
Қоғам дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруға байланысты туындаған "Самұрық-Қазына" АҚ алдындағы кредиттік міндеттемелерді орындады: 2020 жылғы сәуірде қоғам бағдарламаны іске асыру үшін кредиттік шарт бойынша, оның ішінде "Ақкент"траншы бойынша алынған барлық транштарды толығымен өтеді.
Қоғам жалға алу және сатып алу арқылы сатылатын үй-жайларды басқаруды жалғастыруды жоспарлап отыр. Тұрғын үйдің көп бөлігін сатып алу арқылы жалдау мерзімі болжамды кезеңде аяқталады, өйткені оларды сату 2010-2011 жылдары 13 жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылды.